Мир

Автор: ADMIN

Мир 2026-11-01 13:26:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Солтүстік Корея 13 гектар аумақты жоюға қабілетті кассеталық оқтұмсықты сынақтан өткізді,-деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Солтүстік Корея тактикалық баллистикалық зымырандарға орнатуға арналған кассеталық оқтұмсықтың жаңа түрін сынақтан өткізді. Елдің мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қару 12-13 гектар аумақты зақымдауға қабілетті. Корей орталық телеграф агенттігінің (KCNA) мәліметінше, сынақ 31 қазанда Солтүстік Кореяның Зымыран басқармасына қарасты ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен өткізілген. Оның негізгі мақсаты жаңа оқтұмсықтың жауынгерлік жағдайда қолданылу мүмкіндігі мен жойқын күшін бағалау болған. Солтүстік Кореяның ресми мәлімдемесінде Standard Type-2 үлгісіндегі кассеталық оқтұмсықтың жоғары тығыздықтағы соққы кезінде 12-13 гектар аумақты жоюға қабілетті екені айтылған. Алайда бұл көрсеткіштерді тәуелсіз тараптар әзірге растаған жоқ. Сондай-ақ елдің Зымыран басқармасы өкілі кассеталық оқтұмсықтардың мақсаты мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай төрт түрге бөлінетінін мәлімдеген. Пхеньянның жоспарына сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін олардың барлық түрін әскери бөлімшелердің қолданысына беру көзделіп отыр. Айта кетейік, соңғы апталарда Солтүстік Корея бірқатар зымыран сынақтарын өткізіп, әскери әлеуетін көрсетуге бағытталған шараларын жиілетті. Атап айтқанда, 29 қазанда елдің шығыс жағалауынан теңізге қарай шамамен 10 баллистикалық зымыран ұшырылған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай сынақтар Солтүстік Кореяның қарулы күштерін жаңғырту және зымырандық мүмкіндіктерін дамыту стратегиясының бір бөлігі болуы мүмкін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться