Автор: ADMIN
Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырады
29 желтоқсан күні Бангкоктан Оңтүстік Кореяға ұшқан Jeju Air әуе компаниясының ұшағы Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Shalqar kz" ақпараттық порталы.
Деректерге сүйенсек, ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, үлкен жылдамдықпен қоршауға соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық жолаушы қаза тапқан. Тек екі адам ғана аман қалған.
Аман қалған 33 жастағы стюардессаның ауруханада жатқаны белгілі болды. Оның өміріне қауіп жоқ. Бірақ, ол қатты күйзеліске ұшыраған
Қазіргі уақытта әуежайда құтқару жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіруге 80 өрт сөндіру тобы жұмылдырылған. Билік апаттың себептерін анықтауда. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, ұшақ ұшу кезінде құстармен соқтығысқан. Бұл шассидің істен шығуына себеп болған.
Сеулден 288 шақырым қашықтықта орналасқан Муана әуежайындағы барлық ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылған.
Муандағы апат – Jeju Air компаниясының 20 жылдық тарихындағы алғашқы әуе апаты. Компания Boeing 737-800 ұшағын 2017 жылдан бері пайдаланған, оған дейін ұшақ Ryanair компаниясына тиесілі болған.
Аталмыш оқиғаға қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
"Оңтүстік Корея билігі жариялаған алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақтың бортында Қазақстан азаматтары болмаған", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін ұшақта 181 адам болғаны белгілі болды. Құтқарылған екі адамның екеуі де ұшақтың артқы жағында отырғаны хабарланды. Оңтүстік Кореяның жергілікті билігі 62 адамның қаза болғанын ресми түрде растады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қызылорда облысынан XVIII-XX ғасырлардағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптар табылды
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?