Автор: ADMIN
Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде қайта оралды: Не өзгереді?
Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың 47-президенті болып сайланып, Капитолий ғимаратында халыққа салтанатты түрде сөз сөйледі, деп хабарлайды “Shalqar.kz” сайты.
Екінші мәрте ант қабылдаған Трамп инаугурациялық сөзінде америкалықтарға, вице-президент Джей Ди Вэнске, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен судьяларға ризашылығын білдірді.
– Америка Құрама Штаттарының жаңа дәуірі басталды. Бүгіннен бастап біздің еліміз қайта өркендеп, әлем алдында беделін арттырады. Біз әрбір ұлттың қызғанышына айналамыз және ешкім бізбен енді манипуляция жасай алмайды, – деді ол.
АҚШ баспасөзінің мәліметінше, Трамптың бұл инаугурациялық сөзі соңғы 90 жылдағы ең ұзақ сөздердің бірі болып саналды. C-Span порталының деректеріне сүйенсек, оның сөзі 29 минутқа созылған.
Сонымен қатар, жаңа президент Ақ үйдегі алғашқы күнінде-ақ ел үшін маңызды 100 жарлыққа қол қойды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде қайта оралды: Не өзгереді?
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?