781?wXp5n Шалкар
logo Шалқар
Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2025-01-03 17:17:16

Следуй за нами

Халыққа үндеу ретінде жолданған сұхбат

news single

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы Жаңа жылмен құттықтауында және «Ана тілі» ұлттық басылымына берген сұхбатында «Мен бұл сұхбатты отандастарыма жолдаған арнайы үндеуім деуге болады» деді. Иә, расында солай деуге болады. БАҚ өкілдеріне жыл басталғанда өткен жылды қорытындылап, келешекке бағдар жасайтын сұхбат беруді әдетке айналдырған мемлекет басшысы, мұны үндеу деуі орынды.

    Сұхбатта халықты алаңдатқан қордалы мәселенің барлығы қаузалды. Ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын берді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады.
Өткен жылы елімізде жетістіктермен қатар, ел басына төнген төтенше жағдайлар да болды. Еліміз соның бәрін еңсере білді.  

      Сондай бір төтенше  жағдайдың бірі - кейбір аймақтардағы су тасқыны. Орын алған алапат су тасқынының салдарын жою үшін мемлекет қыруар жұмыс істегенін білеміз. Ел үкіметі жыл соңында жасаған есебінде 36 455 отбасына біржолғы әлеуметтік көмек, 21 876 отбасына өтемақы төленгенін айтты. Төтенше жағдай жарияланған су басқан аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек төлеу отбасылардың материалдық жағдайын жергілікті комиссияның тексеруінсіз автоматты түрде ІІІ тоқсанға ұзартылды. Мұндай шешім нәтижесінде 3,6 мың отбасына 655,7 млн теңге көлеміндегі АӘК төлемі тағайындалған. Зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынып, халық үшін 2 680 жеке тұрғын үй салынған. Су басқан өңірлердегі 6 мыңға жуық бала сауықтыру орталықтарында тегін демалыспен қамтылды...

      Су тасқыны нәтижесінде еліміздің көп бөлігі табиғи апатқа ұшырады, оның ауқымын болжау мүмкін емес еді. Жүзден астам елді мекеннің тыныс-тіршілігіне нұқсан келді. Ең қиын жағдайда, мемлекеттік құрылымдар, гуманитарлық ұйымдар мен жеке сектор арасындағы нақты үйлестірілген жұмыс нәтижесінде еліміз апаттың салдарын барынша азайтып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсете алды. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла білген Қазақстан халқы төтеннен болған қиындықтарды бірге еңсере білді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Соның арқасында  жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алды. Осынау қамқорлық халқымыздың алға сеніммен қадам басуына негіз болды. Алдағы уақытта да мемлекет өз азаматтарын қолдап, қорғап, өркениетті ұлт ретінде алға алып баратынына сенім мол.

Жаңыл Әпетова,

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз