Автор: ADMIN
«Туған анам сөйлеспей қойды…» Төрт қазақ баласын асырап алған шетелдік әйелдің оқиғасы
Калифорнияда тұратын қазақ қызы Наргиздің тағдыры
Калифорния штатында, 39 миллион халқы бар аймақта, қазақ қызы Наргиз өмір сүреді. Оны бала кезінде шетелдік әйел асырап алған. Белгілі журналист Жанар Байсемізованың «Шетелдегі қазақ балалары» атты бағдарламасында Наргиздің тағдыры туралы арнайы тақырып көтерілді.
Наргиз – Қостанайдан шыққан қыз. Қазір оның шетелдегі есімі – Кира. Қызды асырап алған америкалық әйел Қазақстаннан тағы үш баланы бауырына басқан. Қазіргі уақытта Наргиз Калифорния университетінде психология мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ол қазақ тілінде бірнеше сөздерді: «қалың қалай?», «қалайсың?», «сау бол!», «қайырлы таң!», «қайырлы түн!» деп айтып үйренгенін жеткізді.
«Қазақ тілін үйрену қиын, бірақ тырысамын»
«Қазақ тілін үйрену үшін көп еңбектену керек. Дегенмен, мен қазақша сөйлеп үйренемін», – дейді ол.
Қазақ лагері: мәдениетпен танысу
Наргиз қазақша әндерді жақсы көретінін айтып, «Дос-Мұқасан» тобының «Куә бол» әнін жатқа білетінін растады. Ол бала кезінде «Қазақ ауылы» деп аталатын жазғы лагерьге барғанын еске алды.
«Бұл лагерьде қазақ тілін үйрететін. Қазақ музыкасын тыңдап, домбыра тартып, би билейтінбіз. Абай мен Нұрғиса Тілендиевтің әуендерімен билейтін едік. Бірақ ол жерде уақыт шектеулі болғандықтан, қазақ мәдениетін толық меңгеріп кете алмадым», – дейді Наргиз.
Төрт баланы асырап алған әйел
Қостанайлық Наргизді асырап алған америкалық әйел – Шэлли Форнам. Ол Наргизден бөлек, тағы үш қазақ баласын: Индира (Лейна), Бақытжан (Джон) және Нұркенді (Мэтью) асырап алған.
«Мен бала асырап алуға ұзақ уақыт бойы жүрексіндім. Бірақ жақсы ана болу үшін барымды салуға тырыстым. Өзім бала көтере алмайтынымды түсінген соң, 2001 жылы құжат дайындап, 2002 жылы Кираны асырап алдым. Кейін қалған балаларды да бауырыма бастым», – дейді Шэлли.
Туған анамен кездесу
Наргиз туған анасын 12 жасында алғаш рет көрді. Бірақ толық кездесу 18 жасында болған.
«2019 жылы Қостанайда анаммен құпия түрде кездестім. Ол мені «Наргиз» деп құшақтап, жылады. Өз жағдайын түсіндіріп, кешірім сұрады. Мені мемлекет қарауына беруден басқа амалы болмағанын айтты. Мен оны түсіндім. Бірақ анам бұл туралы отбасына ештеңе айтпаған екен. Сондықтан кейін сөйлесуді тоқтаттық», – дейді Наргиз.
Бұл оқиға қазақ балаларын асырап алған шетелдік отбасылардың өмірі мен олардың туған жерімен байланысын сақтауға деген талпынысы туралы сыр шертеді,деп хабарлайды "Shalqar.kz" порталы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?