Автор: ADMIN
Қарағанды облысының қобызшысы Қытайда халықаралық байқауда 1-орынға ие болды
Қарағанды облысының Ботақара ауылынан шыққан қобызшы Шахназе Ильясова Қытайдың Санья қаласында өткен халықаралық “Жасыл айдаһар” байқау-фестивалінде жеңіске жетті. Ол Батырхан Шүкеновтың “Отан Ана” композициясын өз интерпретациясымен орындап, ұлттық аспаптарда ойнау номинациясында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Байқау әртүрлі номинациялар бойынша өткізілді: ұлттық аспаптарда ойнау, вокал, хореография, хор, театр, дизайнерлік іс және бейнелеу өнері. Шахназе Ильясова “Ұлттық аспаптарда ойнау” номинациясында жоғары орынға көтеріліп, қобыздағы шеберлігімен қытайлық көрермендерді тәнті етті.
Шахназе Ильясова өзінің жеңісіне қуанып:
“Бұл мен үшін үлкен тосын сый болды. Мен бірінші орынға қол жеткіземін деп күтпедім. Жеңісімнің арқасында “Жасыл айдаһар” фестивалінің келесі халықаралық байқауларына тегін қатысуға мүмкіндік алдым. Олар Испания мен Венгрияда өтеді, бірақ мен қайсысына қатысатынымды әлі шешкен жоқпын,” – деп атап өтті.
Қазіргі уақытта Шахназе Ботақарадағы “Руханият” қосымша білім беру орталығында қобыз ойнаудан сабақ беріп, ұлттық аспапты оннан астам баланың меңгеруіне көмектесуде. Оның шәкірттері облыстық және республикалық байқауларда үздік көрсеткіштерге қол жеткізуде.
Шахназе Ильясованың “Жасыл айдаһар” байқауындағы жеңісі оның өнер жолындағы жалғыз жетістігі емес. Өткен жылы ол Golden Time Talent халықаралық онлайн байқауында да бірінші орынды иеленген болатын. Сонымен қатар, ол таланттар конфедерациясының гауһар одақтастарының тізіміне енді. Оның есебінде көптеген облыстық және республикалық байқаулардағы жеңістер бар.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте анықтай алады
Квота на прием соотечественников и переселенцев: утвержден план на 2025 год
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?