Автор: ADMIN
Бүгін қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованың туған күні
Бүгін қазақтың ақын қызы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың дүниеге келген күні. Биыл ақынның туғанына 85 жыл толып отыр.
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылында дүниеге келген. Оның алғашқы өлеңдері 1958 жылы республикалық басылым беттерінде жарияланып, оқырманның ерекше ықыласына ие болды.
1966 жылы ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Сандуғаш» деген атпен жарық көрді. Осыдан бастап оның шығармашылық жолы қазақ әдебиетінің алтын қорына үлес қосты.
Фариза Оңғарсынова поэзия әлемінде өзінің терең ойлы, жүрекке әсерлі жырларымен ерекше орын алды. Ақынның шығармалары әлі күнге дейін оқырман көңілінен ойып орын алып келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?
Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?