Автор: ADMIN
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды
Көрмеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей қылқалам шеберлерінің 80-нен астам туындылары ұсынылды.
Халықаралық симпозиум-пленэрі жұмысы 2024 жылы басталды. Жоба үш кезеңнен тұрды және бірнеше айға созылды. Бірінші кезеңде суретшілер Ыстықкөлдің сұлу табиғатымен шабыттанып, қырғыз жерінің көркем пейзаждарын бейнеледі. Екінші кезең Қазақстанның Тянь-Шань тауында орналасқан Кеген ауданының Меркі жайлауында өтті. Қорытынды кезең Өзбекстанның тарихи қалалары – Самарқанд, Бұхара және Ташкентте ұйымдастырылды. Бұл қалалар Орталық Азияның рухани орталығы болып табылады және өнер мен мәдениеттің ошағы саналады.
Симпозиум-пленэр Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың өнердегі дәстүрлерін жаңғыртып, олардың шығармашылығынан алған әсер мен рухани мұраға құрмет көрсетіп, қылқалам шеберлеріне шабыт сыйлап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Экспозиция 2025 жылдың 23 қаңтарына дейін жалғасады,деп хабарлайды "Shalqar.kz" порталы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда «Бибігүл Төлегенова – қазақ бұлбұлы» атты мерекелік концерт өтті
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?