Автор: ADMIN
Мұхтар Әуезов атындағы театрдың 99 жылдық мерейтойы
Бүгін, 13 қаңтар, қазақ өнерінің қара шаңырағы – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды,деп хабарлайды "Shalqar.kz"
Театр өз шымылдығын 1926 жылы Қ. Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасымен ашты.
Ұлт театры тарихының бастауы болған бұл пьеса қазақ драматургиясындағы алғашқы реалистік туындылардың бірі саналады. «Алтын сақина» шығармасында қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік, әйелдердің құқықсыздығы және ескі салт-дәстүрлердің зардаптары көркем бейнеленген.
2024 жыл театр өміріндегі жарқын оқиғаларға толы болды:
• 16 қыркүйек: Театр өзінің 99-шы маусымын Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклімен бастады.
• 9-14 қазан: Қостанай қаласында гастрольдік сапар өткізілді.
• Театр алғаш рет Өзбекстанның Ташкент және Нүкіс қалаларында өнер көрсетті.
• 4-7 желтоқсан: Қырғызстанның Бішкек қаласында «Қыз Жібек», «Қоштасқым келмейді», «Қорқыттың көрі», «Мәңгілік бала бейне» қойылымдары сахналанды.
Жаңғыру кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен театр ғимараты толығымен қайта жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы, театрдың 100 жылдық мерейтойына орай аяқталады деп жоспарлануда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?