Автор: ADMIN
Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа зауыттар пайда болады
Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытында 41 зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл мәселе Үкімет отырысында талқыланды,деп хабарлайды "Shalqar.kz".
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта жалпы құны 307 млрд теңгені құрайтын 65 жоба қаралуда. Олардың ішінде 41 жоба қоқысты қайта өңдеуге бағытталған.
Бұл зауыттардың жылдық өңдеу қуаты 1,1 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. Аталған жобаларды іске асыру арқылы елімізде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, экономикаға 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылмақ.
Экологияны жақсарту мен қалдықтарды тиімді пайдалануды көздейтін бұл бастама еліміздің тұрақты дамуына оң ықпалын тигізеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
«Туған анам сөйлеспей қойды…» Төрт қазақ баласын асырап алған шетелдік әйелдің оқиғасы
Тарихи тағылым: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында иллюстративті көрме ашылды
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?