781?wXp5n Шалкар
logo Шалқар
ЖАҢАЛЫҚТАР

Автор: ADMIN

ЖАҢАЛЫҚТАР 2025-01-11 07:05:50

Следуй за нами

Telegram мессенджері Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына 496 пайдаланушының деректерін бергені туралы ақпарат жариялады.

news single

Telegram-да Transparency Reports атты арнайы бот бар, ол құқық қорғау органдарына берілген деректер туралы қысқаша есеп ұсынады. Бұл есеп тек пайдаланушының телефон нөмірі тіркелген ел бойынша қолжетімді.

2024 жылы Telegram Қазақстаннан 74 ресми сұрау алғанын атап өту керек. Платформа 496 пайдаланушының деректерін, оның ішінде IP-адрес және/немесе телефон нөмірлерін ұсынған.

Бұл ақпарат мессенджердің құпиялылық саясатындағы 8.3 тармағына сәйкес беріледі. Деректерді алу үшін мыналар қажет:
 • Сот органдарынан ресми сұрау болуы шарт
 • Сұрау Telegram пайдаланушысының заңсыз әрекеттері үшін күдікті екендігін және қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растайтын болуы тиіс
 • Платформа сұрауды заң тұрғысынан талдап, егер бәрі дұрыс болса, IP-адрес пен телефон нөмірін береді.

Деректерді беру туралы есеп әр үш ай сайын жаңарып отырады. Келесі есеп 2025 жылдың сәуір айында жарияланады,деп хабарлайды "Shalqar.kz" порталы

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз