Автор: ADMIN
Санкция салдары: Қытай ресейлік мұнай тасымалдаушыларын қабылдамады
АҚШ-тың Ресейдің энергетика саласына қатаң санкция енгізуі салдарынан үш ресейлік танкер Қытай порттарына кіре алмады. Бұл танкерлердің бортында 2 миллион баррель мұнай болған, деп хабарлайды "Shalqar.kz"
13 қаңтарда Bloomberg агенттігі Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясы порттарына жақындаған ресейлік танкерлердің тоқтап, дрейфте қалғанын хабарлады. Бұл танкерлер — Olia, Mermar және Huihai Pacific — Ресейдің Қозьмин портынан 2 миллион баррель мұнай тиеп, Қытайға бағыт алған. Бұл туралы Kpler компаниясының кеме мониторингі деректеріне сүйенген ақпарат көздері хабарлады.
Танкерлердің тоқтап қалуына негізгі себеп — АҚШ санкцияларының әсері. Санкцияларға ұшыраған кемелерге Шаньдун порттар тобына кіруге рұқсат берілмеген. Айта кетсек, бұл порттар Қытайдың шығысындағы ірі логистикалық орталықтарды біріктіреді. Reuters агенттігі мұндай шектеулер туралы бір апта бұрын мәлімдеген.
10 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Ресейдің энергетика секторына қарсы жаңа, ең қатаң санкцияларын енгізді. Бұл тізімге Ресейдің “құпия флотына” жататын 183 кеме енгізілген. Санкцияға ілінген кемелер мұнай тасымалдау арқылы шектеулерді айналып өтуге пайдаланылған деп айыпталып отыр.
Ресейлік кемелердің мұнайды түсіруіне қатысты қиындықтар тек Қытайда ғана емес, басқа аймақтарда да кездесуде. Мысалы, The Bell басылымының мәліметінше, Испания жағалауында Cool Rover газ тасымалдаушысы тоқтап тұр. Бұл кеме Газпром зауытынан сұйытылған табиғи газ (СПГ) алып шыққан, бірақ оның қайда бағытталатыны әлі белгісіз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2025 год объявлен Годом рабочих профессий
Желтоқсан қаһарманы Ербол Сыпатаевтың 60 жылдығына арналған конференция
Ғұлама ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден озды
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?