781?wXp5n Шалкар
logo Шалқар
ЖАҢАЛЫҚТАР

Автор: ADMIN

ЖАҢАЛЫҚТАР 2025-01-16 16:05:04

Следуй за нами

Қазақстанда көру қабілеті нашар адамдардың мүмкіндіктері кеңейеді

news single


Сенаттың жалпы отырысында «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды "Shalqar.kz".

Марракеш шарты 2013 жылғы 27 маусымда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының дипломатиялық конференциясында қабылданған. Шарттың негізгі мақсаты – көру қабілеті бұзылған азаматтарға әдеби және көркем шығармаларды қолжетімді ету, сонымен қатар білім мен жарияланған шығармаларға тең қол жеткізу үшін заңнамалық кедергілерді жою.

Сенатор Амангелді Толамисовтың айтуынша, Марракеш шарты көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған арнайы форматтағы туындыларды көбейту, тарату және жария етуге мүмкіндік береді. Бұл шарт авторлық құқықтарға қатысты ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған. Сонымен қатар, уәкілетті органдар желісі арқылы арнайы форматтағы туындылармен трансшекаралық алмасуды және зағиптарға арналған кітапханалардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазақстанның Марракеш шартына қосылуы – көру қабілеті шектеулі азаматтар үшін кітаптарға, оқу материалдарына, журналдарға қолжетімділікті арттырып қана қоймай, олардың мәдени және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, арнайы форматта жасалған туындыларды халықаралық деңгейде алмасу үрдісін дамытуға жол ашады.

Бұл шешім елімізде көру қабілеті бұзылған азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз