Автор: ADMIN
Сирек кездесетін «Хәрри Поттер» кітабы қоқыс жәшігінен табылып, қомақты ақшаға сатылды
Ұлыбританияда «Хәрри Поттер» кітабының алғашқы басылымы қоқыс жәшігінен табылып, таңқаларлық жағдай орын алды. SMARTNEWS.KZ басылымының мәліметінше, бұл кітаптың әлемде тек 500 данасы ғана бар екені белгілі болды, деп хабарлайды “Shalqar.kz”
«Хәрри Поттер және философиялық тас» кітабының алғашқы басылымы 40 000 фунт стерлингке, немесе шамамен 26 миллион теңгеге сатылған.
Девон графствосы Пейнтон қаласындағы NLB аукцион үйінің иесі Дэниел Пирс қайтыс болған ер адамның заттарын аралап жүріп, кітапты қоқыс жәшігінен тауып алған.
— Бұл біздің ең құнды табысымыз. Отбасы бұл жаңалыққа қатты таңғалып, еш күтпеген еді. Олар үшін бұл едәуір қаржы әкеледі. Кітап 20 жыл бойы сөреде тұрған, — деді Пирс.
Алғашқы басылымның 200 данасы кітап дүкендеріне, 300 данасы кітапханаларға жіберілген. Пирс бұл кітаптың сол 300 дананың бірі екенін айтты.
Кітап өте жақсы жағдайда сақталған, оның бірінші бетінде қарындашпен жазылған «2 фунт стерлинг» бағасы бар — бұл кітаптың кітапханаға арналған бағасы екен.
Бұл басылымның айрықша ерекшелігі — артқы мұқабасында «философиялық» сөзіндегі «о» әрпінің жоқтығы.
Сонымен қатар, дәл осындай басылым қараша айында 42 000 фунт стерлингке сатылғаны туралы хабарланды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Фильм «Граждане крыши» одержал победу на международном фестивале
Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы кітапханада өрт болды
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?