781?wXp5n Шалкар
logo Шалқар
Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2025-01-20 11:42:24

Следуй за нами

Израиль үкіметінің үш министрі отставкаға кетті

news single
Израильде оңшыл “Еврей күші” (Оцма ехудит) партиясының үш министрі отставкаға кетті, деп хабарлайды "Shalqar.kz". Бұл туралы партия өкілдері ХАМАС ұйымымен жасалған бітімге наразылық ретінде мәлімдеді.

“Еврей күші” партиясының жетекшісі, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир премьер-министр Биньямин Нетаньяхуды “идеологиялық принциптерден бас тартты” деп сынға алды және ХАМАС-пен жасалған келісімді “терроризмнің толық жеңісі” деп атады.

Бұған қоса, партияның тағы екі мүшесі – мұралар министрі Амихай Элиягу мен Негев, Галилея және ұлттық тұрақтылық істері министрі Ицхак Вассерлауф та өз қызметтерінен бас тартты.

“Еврей күші” партиясы басқарушы коалиция құрамынан шыққанымен, әскери іс-қимылдар қайта басталған жағдайда үкіметке қайта қосылуға дайын екенін жеткізді.
 
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз