Автор: ADMIN
FIS Әлем чемпионатында шаңғы акробатикасынан Қазақстанның алтын медалі!
Фристайлдан FIS Юниорлар Әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи жетістікке айналды.
2025 жылдың 10 қаңтарында 19 жастағы Дінмұхаммед Райымқұлов шаңғы акробатикасы бойынша Қазақстанға екінші алтын медаль сыйлады. Финалдық көрсетілімде Райымқұлов 104,52 ұпай жинап, Қазақстан тарихында шаңғы акробатикасынан алғашқы жеңісті алып келді. Бұл нәтиже ұлттық құраманың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының айқын дәлелі.
Спортшы туралы:
Дінмұхаммед Райымқұлов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 2022 жылы Еуропа Кубогы кезеңінде 1-орын алған. Қазіргі уақытта Әлем Кубогының жалпы рейтингінде 30-орында тұр.
Қазақстан құрамасының басқа жетістіктері:
Жарыстың алғашқы күндерінде ҚР ҰҚК спортшысы Анастасия Городко «могул» бойынша күміс, ал «параллель могул» бойынша алтын медаль иеленді.
Жарыстың үшінші күнінде «командалық параллель могул» жарысында Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Команда мүшелері:
• Кузнецова Виктория мен Дегтярёв Алексей
• Феклистова Юлия мен Раструба Денис
• Мокина Юлия мен Коротков Даниил
• Ларионова Анастасия мен Ибрагимов Ильнар
• Городко Анастасия мен Русаков Семен.
Феклистова Юлия мен Раструба Денис финалдық кезеңде жоғары нәтижеге жетіп, командалық 2-орынды қамтамасыз етті,деп хабарлайды "Shalqar.kz" порталы
Бұл жетістіктер Қазақстанда фристайл спорт түрінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді және болашақ спортшыларға үлкен мотивация береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Лос-Анджелес тұрғындары үшін орман өрттерінің қауіптілігі артуда
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?