781?wXp5n Шалкар
logo Шалқар
ЖАҢАЛЫҚТАР

Автор: ADMIN

ЖАҢАЛЫҚТАР 2025-01-10 13:00:06

Следуй за нами

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин өмірден өтті

news single

Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, филология ғылымдарының докторы, публицист, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин дүниеден озды. Бұл туралы жазушының ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Shalqar.kz" порталы.

«Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мэриленд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)», – делінген жазбада.

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы Семей облысының Шұбартау ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Ол Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, қазақтың дара тұлғаларының бірі.

1957 жылы Баршатас ауылындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1962 жылы тәмамдаған. 1965 жылы қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын аяқтаған. Еңбек жолын сол жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметінен бастаған. Кейін 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары болды.

Мұхтар Мағауиннің әдебиетке қосқан үлесі зор. Ол алғаш рет 1959 жылы баспасөз бетінде көрінген. 1960-жылдары әдебиет зерттеушісі ретінде танылып, «Қобыз сарыны» атты монографиясын жарыққа шығарды. Кейінірек көркем прозаға бет бұрып, көптеген танымал шығармаларды дүниеге әкелді. Олардың ішінде:
 • «Тазының өлімі» (1969),
 • «Бір атаның балалары» (1973),
 • «Көкбалақ» (1978),
 • «Жүйріктің тағдыры» (1979),
 • «Шақан-Шері» (1984) повестері,
 • «Көк мұнар» романы (1971),
 • «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы (1980-1982).

Жазушының көптеген шығармалары орыс тіліне аударылып, шет елдерде жарық көрді. 1984 жылы «Аласапыран» романы үшін Қазақ КСР-ының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Мұхтар Мағауин – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің биік шыңына жеткен тұлға. Оның отбасына, жақындарына және қазақ халқына қайғыра көңіл айтамыз.

Рухыңыз пейіште шалқысын, ұлы жазушы!

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз